Не тәйiрi, бақ болып па мақтаның? –
Динара Мәлікова
Бұл бетте «Не тәйiрi, бақ болып па мақтаның?» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Не тәйiрi, бақ болып па мақтаның?
Көктен биiк ұмыттық-ау Хақ барын!
Мақтан деген тiршiлiктiң талқаны,
Қара нанды еңбегіңмен тапқанын.
Не тәйiрi, бақ болып па байлығың?
Қанша сағат, қанша қалды ай-күнің?
Құдай дейміз жалынамыз имансыз,
жолымызға жайғасқанда қайғы-мұң.
Пенделерге алдамшы-ғып арманды,
арманменен ардың жолы таңдалды!
Қара жердің мезгiл шешер көйлегiн,
мәңгiлікке жүрегінде кім қалды?...
Күңгiрт кешке көз жасыңды төкпешi,
Күлiмде де Күнге қарай беттешi!
Тарам-тарам тағдырлар бар жазулы,
Барінің де болар бірақ, нүктесі!
Біз жүрейік нүктелерді сөйлетіп,
Жанардағы мұңның өзін билетіп,
Адалдықты кірлетпейік күбірмен,
Адамдықты жібермейік күйретіп!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі