Мәңгілік қала гөр деп жалынбадым
Бұл бетте «Мәңгілік қала гөр деп жалынбадым» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мәңгілік қала гөр деп жалынбадым,
Мәңгілік керек емес сағынғаның.
Жалп етіп өшсе сезім өкпелеме,
Жарқ етер жанарыңа дамылдадым.
Мәңгілік кімге керек күрсінгенің,
Жалғанға Жарық беріп жүрсін дедім.
Өмірдің әр сәтінде сағыныш бар,
Бізге де жат емесін білсін дедім.
Мәңгілік керек емес «мен» болғаның,
Керек еді сүюге кең болғаның.
Жүрегіңмен жақсы көр жердің бетін,
Көрсем деп көзіңе нұр қонғанын.
Жетер ме екен, тек мені іздегенің,
Жақсы екен ғой үмітті үзбегенім.
Мәңгілік жатсынады адамдарды,
Мәңгіліктің ғашығы біз дегенің.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі