Шын айтам, бәрінен жалықтым
Бұл бетте «Шын айтам, бәрінен жалықтым» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шын айтам, бәрінен жалықтым,
Күтумен күн сайын зарықтым.
Адам боп туылдым арман не,
Кешірші, киелі Жарық күн!
Кешірші киелі түндерім,
Жүрегім ауырып жүр менің...
Ауылдың қызындай аңғал ем,
бағымды қызғанды кім менің?
Жалганнан жерідім тап бүгін,
қолымнан сүйеді пәк күнім.
Қай кезде сөнді екен шырағым,
Қай жерге шашылды шаттығым?
Қайғының алдында өр едім,
Ал, бүгін алаңсыз көнемін...
Тұңғыш рет түнеріп келеді,
Жылауды білмейтін өлеңім...
- Аймақ Әбілда
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі