Жаңбырлы кеш – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Жаңбырлы кеш» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1410
Жаңбырлы кеш,
ғажайып тылсымым-ай,
Өзге қызық ығысып тұрсын былай.
Сүп-сүйкiмдi әнiңнен сiркiреген,
Әйнегiмнен үңiлiп сыр тiлеп ем.
Сарылып ем сан кеште сiлем қатып,
Ғашықтарға осы кеш бiлем бақыт.
Жүрегiмдi әуенiң тербеткелi,
Сәбидейiн сезiнем жөргектегi.
Моншақтарың iлiнiп бұтақтарға,
Өлең болып ендiңдер кiтаптарға.
Аялап ем талдардың бүршiктерiн,
Тамшыларың жүзiмнен ыршып менiң.
Сыр ашпастан жоғалды жерге сiңiп,
Ал сонан соң телмiргем перде сырып.
Қара көздi елiк боп елестедiң,
Алты ай қыста күткенде келмес пе едiң.
Өзге дүние, қарашы, өздi-өзiмен,
Қарап отыр бiр-ақ жан өз көзiмен.
Жаңбырлы кеш,
ғажайып тылсымым-ай,
Өзге қызық ығысып тұрсын былай.
Тауды кезсе табатын арқар iздi,
Екеумiзде ұқсастық бар тәрiздi.
Жолға шығып бiреудiң қолқасынсыз,
Қыдырғанды ұнаттым қол шатырсыз.
Күн батқанда батыста жалқынданып,
Танытсам да сыртымнан салқын қалып.
Өз-өзiмнен қарадай егiлемiн,
Кешке ғашық жүрегiм тегi менiң.
Жиырма төрт жыл осынау ғұмырымда,
Жыр жолында жанам деп құрыдым ба?
Тау суы боп құладым шатқалдардан,
Көкiрегiмде сонда да сақталды арман.
Қарасудан қуанғам үйрек көрiп,
Қара жолдар есейттi иректелiп.
Бұл мәңгiлiк тақырып таусылмайтын,
Жаңбыр жайлы жырласам даусым да айқын.
Ұнатпаса қойсыншы ұнатпаған,
Ұнайды деп сыр айтты бұлақ маған.
Ұнатпаған қойсыншы ұнатпаған,
Ұнайды деп сыр айтты қырат маған.
Жаңбырлы кеш, сөз жетпес,
сүйкiмдiм-ай,
Бұрын, ciрә, қашпаған ұйқым бұлай.
Саған ғашық бiраз жан осындағы,
Мақаншыда тұратын досым-дағы,
Дамылдасам кеудемнен көштi деп сең,
Менi есiңе ал, жаңбырлы кештi көрсең.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңбырлы кеш өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Жаңбырлы кеш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаңбырлы кеш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаңбырлы кеш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері