Арманым – аққуым – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Арманым – аққуым» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1449
Арманым – аққуым,
Алысқа талпынып,
Ұшып ең шарқ ұрып,
Ашулы бұлттардың үстінде.
Найзағай отына қанатың шарпылып,
Қайрылып жерге түстің бе?

Қайырмасы:
Қанатың талған соң қайттың ба,
Құмарың қанған соң қайттың ба?
Жеткізбей шегі жоқ дүние,
Көңілің қалған соң қайттың ба?

Арманым – аққуым,
Көрік боп көңілге,
Серік боп сенімге,
Шарықтап, шалқып қал бұл күнде.
Түбі жоқ тұңғиық уақыттың көгінде,
Мәңгілік самғау мүмкін бе?

Қайырмасы.

Арманым – аққуым,
Жылайды кеудеңде,
Жүрегің шерменде,
Мұң шағып бір нәзік елеске.
Өмірдің өзі де айналып келгенде,
Алданыш қана емес пе?

Қайырмасы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері