Жеңеше
Бұл бетте «Жеңеше» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кездерімде сәл жүдеген,
Бір өзіңді аңсадым.
Шаршап келсем, елжіреген
Жүрегіңді аңсадым.
Балғын жүзің,
Бал қымызың
Сағындырды, жеңешеау! Беу, жеңешеау!
Еркелетіп еркем деген
Наз үніңді аңсадым.
Көңілімді көркемдеген
Әзіліңді аңсадым.
Ерке
сылқым
Күміс күлкің
Сағындырды, жеңешеау! Беу, жеңешеау!
Сыйға тартам орамалдай,
Дала гүлін, жеңешеау!
Сені көрсем оралардай
Балалығым, жеңешеау!
Ойнап тұрған
Таққан сырғаң
Сағындырды, жеңешеау! Беу, жеңешеау!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі