Ақбастаудың тұмасындай шымырлап – Ерлан Аманқожаұлы

Бұл бетте «Ақбастаудың тұмасындай шымырлап» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.01.2023
  • 0
  • 0
  • 896
Ақбастаудың тұмасындай шымырлап,
Тамырымнан қайнап шығып мың ырғақ.
Жыр оқыдым жапырақтың тілінде,
Қоңыр түннің құлағына сыбырлап.
Тыңдады ма?
Тұра берді ол үнсіз,
Ақтерек те көп күрсінді көңілсіз.
Ары аунады тостыма төзе алмай,
Ай жымиып қарады да болымсыз.
Ертеңіме жасай алмай нақ кесім,
 
Көп ішіппін...
Шықты білем қатты есім.
Айға қарап ақын түсті есіме,
Аймалаған ақырғы рет ақ төсін.
Айға қарап арылмаспын, әй, мұңнан,
Пері едім ғой шаттығым да,
Қайғым да ән.
Жағасында күттім ұзақ өзімді,
Айды сүйіп ақын батқан айдыннан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақбастаудың тұмасындай шымырлап өлеңінің авторы кім?

Ерлан Аманқожаұлы — осы өлеңнің авторы.

Ақбастаудың тұмасындай шымырлап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақбастаудың тұмасындай шымырлап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Аманқожаұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақбастаудың тұмасындай шымырлап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері