Кездесу – Ерлан Аманқожаұлы

Бұл бетте «Кездесу» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.11.2020
  • 0
  • 0
  • 895
Мен кеткенімде көбелек қуып,
Далдалап қалған ерменді бір түп.
О, бала сезім, керемет тұнық,
Ояттың қайта кеудемді жұлқып.
Жүрегім алғаш құшқан мұңымды,
Есімде мәңгі мен ғашық көктем.
Жолықтырдым сол құштарлығымды,
Тайыншаға мініп белді асып кеткен.
Ол кезім қандай!
(аң-таңмын бүгін,)
Тағдырдан бөлек сый көретінмін.
Отау үйім қып там-тамның түбін,
Күніне үш-төрт үйленетінмін.
Арамызды ешбір бөлмейтін егес,
Пәк іңкәрлікті ұят қалқалап.
Ғұмырлық асым
Өлмейтін елес,
Жасап бергенің қияқтан тамақ...
Уақыттың құнын сезе алмай мүлде,
Беу, солай, қайран, өткен балалық.
Қараймын бүгін көз алмай гүлге,
Кірпігімді ыстық көктемге малып.
Мен сағыныштың аралы болдым,
Аңсарым сол бір ертегі қыстақ.
Тек қолын бұлғап барады ол күн,
Басқа кеменің желкенін ұстап...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кездесу өлеңінің авторы кім?

Ерлан Аманқожаұлы — осы өлеңнің авторы.

Кездесу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кездесу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Аманқожаұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кездесу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері