Кім кетті – Ерлан Аманқожаұлы

Бұл бетте «Кім кетті» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.01.2023
  • 0
  • 0
  • 999
Кім кетті,
Кім келді?...
Жұрт білмес,
Осыны неліктен ұқтым кеш?
Сағыныш жел текті еседі,
Махаббат аспаншыл бұлтқа үндес.
Кім едім,
Кім едің,
Кім білмек?!
Білемін дейтіндер бүлдірмек.
Адамдар, адамдар бір-бірін,
“Білемін” дегені құр дүрмек...
Сен кімсің,
Тәкаппар тоты ірең?!
Мен кіммін,
Жүректе оты кем?!
Сен жайлы өзіңнен сұрайын,
Мен жайлы айтпашы өтінем.
Сен жайлы сезімнен наз ұғып,
Мен жайлы,
Мен жайлы аз ұмыт.
 
Өлімнен қорқамын,
Мен жайлы
Арнаулар кетер деп жазылып.
Күлкілі,
Күлкілі,
Күлкілі,
Жақсылық әкелмес бұл түбі...
Мен жайлы айтамын,
Айтармын,
Мастыққа сүйеніп бір күні!
Күтіңдер!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кім кетті өлеңінің авторы кім?

Ерлан Аманқожаұлы — осы өлеңнің авторы.

Кім кетті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кім кетті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Аманқожаұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кім кетті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері