Кешір, қалқам – Ерлан Аманқожаұлы

Бұл бетте «Кешір, қалқам» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.11.2020
  • 0
  • 0
  • 2153
Кешір, қалқам!
Ағаң бүгін мас тағы,
Аяқталған әңгімесін бастады.
Қасіретін...
Қуанышын...
Ездігін...
Ішіп-ішіп, ішіп-ішіп тастады.
Біріншісін ішті, әрине, сізге арнап,
Өзегінде жанып жатты мұз лаулап.
Екіншісін ішкенімде сезіндім,
Кеткендігін сайқал уақыт бізді алдап.
Үшіншісін, төртін, бесін... жетіні,
Іше бердім...
Іше бердім...
Не түбі...
Жеңілдемей жүрегімнің қайғысы,
Бүтінделмей пиаламның кетігі.
Ішпейсің деп көңілімді жүдетпе,
Басқа өкпеге ұқсамайды бұл өкпе...
Миым тоқтап қалды, қалқам, сүйінші,
Ми тоқтаса еркіндік қой жүрекке!...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері