Маралым - мәнім, Маралым — әнім

Бұл бетте «Маралым - мәнім, Маралым — әнім» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1743
Маралым - мәнім, Маралым — әнім,
Өмірдің саған баладым бәрін.
Өтпеген күннің жанарындамын,
Сені ойлап күнде жанамын, жаным.
Жүректен әнім, шалқыды бағым,
Дір еткен тәнің... қалқыдым жалын,
Қасымда өзің, көзіңе қарап,
Деміңе ыстық балқыдым, жаным.
Ешкімді жүрек сүймеген бұрын,
Еншіме ешкім тимеген, гүлім.
Шуағың сенің — өмірдің нұры,
Санамды еркін билеген бүгін.
Қарайтын маған дала мұңдана,
Тілегім — сәби, талабым – бала.
Кештетіп келіп махаббатымен
Тербеткен мені Маралым ғана.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Маралым - мәнім, Маралым — әнім өлеңінің авторы кім?

Әбілда Аймақ — осы өлеңнің авторы.

Маралым - мәнім, Маралым — әнім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Маралым - мәнім, Маралым — әнім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбілда Аймақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Маралым - мәнім, Маралым — әнім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері