Ақпан

Бұл бетте «Ақпан» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 783
Сені көрдім әсем ай ақпанында,
Сол болар биік қанат қаққанымда.
Әсем жауған аспанның ақ қарындай,
Сенсің менің аяулым аппағым да.
Сені көрдім сұлу ай ақпаннан да,
Жалын атқан жастықтың шақтарында.
Біз танысып қыдырдық тап-таза әлем,
Аппақ қарға малынған бақтарында.
Сені көрдім жылындым ақпанында,
Мен қуандым жолығып тапқанымда.
Тау суындай мөлдірсің таптым сені,
Таудың суы қатпайды аққанында.
Мезгілді борандатып тапқан екен,
Ақ төсек, ақ мамықпен жапқан екен,
Мен сені сүйіп өтем аппақ қарым,
Әйелдің бейнесіндей ақпан екен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақпан өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Ақпан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақпан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақпан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері