Отар – Тағдыр – Ерлан Аманқожаұлы

Бұл бетте «Отар – Тағдыр» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.01.2023
  • 0
  • 0
  • 967
(досымның әңгімесі)

Ауру ақпан,
Хал-жағдайы сәл, бірақ...
Жыр оқыса жаңылмайды тіркестен.
Қарғалардың қарқылында қар жылап,
Қаратаудың қабағынан күлкі ескен.
Дел-сал отар,
Өкпелі жүз, мал, малшы,
Иен аңғар,
Мағынасыз ит үрген.
Бағып жүрген жанның өзі алдамшы,
Сайқал тірлік айырылған сүйкімнен.
Жұмбақ шоқы,
 
Мерекелеп мың ұлар,
Кәрі құлжа қорадағы қойды аңсап.
Тозақ оты...
Жоғалғандар жылынар,
Тамшы өксиді шопан жігіт тойған шақ.
Қорғасындай уысыңа құйылып,
Тасбастаудың кеудесінде Ай жанған.
Жетім бұғы жезтырнаққа бұйырып,
Таңға жақын тау өртенді...
Әй, жалған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Отар – Тағдыр өлеңінің авторы кім?

Ерлан Аманқожаұлы — осы өлеңнің авторы.

Отар – Тағдыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Отар – Тағдыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Аманқожаұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Отар – Тағдыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері