Кетпеді мұнар – Ерлан Аманқожаұлы

Бұл бетте «Кетпеді мұнар» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.01.2023
  • 0
  • 0
  • 589
Кетпеді мұнар...
Көгі мұң,
Сол жылы біздің ауылдан.
Қызға аумай тұрып көңілім,
Жүрегім алғаш ауырған.
Күдірлі жолда бұралаң,
Сән қалмайды екен жорғадан.
“Алқаш” деп “сенің бір ағаң”,
Парталас құрбым қорлаған.
Ойнатып атын аулада,
 
Есікке басын тіреген.
Кіжініп сөйлеп дәу қара,
Қамшысын бізге білеген.
Басынды десем бұл неге?!
Аташым, тауым, беделім.
- Үндеме, – дедің, – үндеме...
Өзің де ләм-мим демедің.
Үндеме балам...
Тездеп мін,
Қойып кел дедің атымды.
Арқалатқаныңды сезбеппін,
Аманатыңды ақырғы!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кетпеді мұнар өлеңінің авторы кім?

Ерлан Аманқожаұлы — осы өлеңнің авторы.

Кетпеді мұнар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кетпеді мұнар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Аманқожаұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кетпеді мұнар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері