Кетпеді мұнар – Ерлан Аманқожаұлы

Бұл бетте «Кетпеді мұнар» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.01.2023
  • 0
  • 0
  • 624
Кетпеді мұнар...
Көгі мұң,
Сол жылы біздің ауылдан.
Қызға аумай тұрып көңілім,
Жүрегім алғаш ауырған.
Күдірлі жолда бұралаң,
Сән қалмайды екен жорғадан.
“Алқаш” деп “сенің бір ағаң”,
Парталас құрбым қорлаған.
Ойнатып атын аулада,
 
Есікке басын тіреген.
Кіжініп сөйлеп дәу қара,
Қамшысын бізге білеген.
Басынды десем бұл неге?!
Аташым, тауым, беделім.
- Үндеме, – дедің, – үндеме...
Өзің де ләм-мим демедің.
Үндеме балам...
Тездеп мін,
Қойып кел дедің атымды.
Арқалатқаныңды сезбеппін,
Аманатыңды ақырғы!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері