Жанартаудай жанымды өртейді өлең (Мұқағалиға арнау) – Демалышева Анар

Бұл бетте «Жанартаудай жанымды өртейді өлең (Мұқағалиға арнау)» атты Демалышева Анар жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Жанартаудай жанымды өртейді өлең
(Мұқағалиға арнау)

Жанартаудай жанымды өртейді өлең,
Нұр алып, шабыт алып бір өзіңнен.
Жүректегі жырменен кесте қылып,
Жалғасытырып жазайын мен де өлең.

Қайталанбас басқада жоқ тұлғасың,
Қазақ елі Мұқағали деп жырласын.
Қалай мақтан болмаймын жеріммен,
Топырағымда өзіңдей ұл туғасын.

Жырларынан махаббатты түсінгем,
Ақ параққа жүрек сырын түсірген.
Мұзбалағы бір туатын ғасырда,
Өзге ақындар бола алмайды көшірмең.

Самғайтұғын өлеңнің мұзбалағы,
Сіздің жырмен жүрегім мұздамады.
Ақ көңілмен ұрпағың қалам ұштап,
Жүрегінен суырып жыр жазады.

Жырымменен ықыласты сізге деген,
Жаудырайын, бір марқайып қалсын деп ем.
Шығармасам шабыт берген жырларды,
Жанартаудай жанымды өртейді өлең.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жанартаудай жанымды өртейді өлең (Мұқағалиға арнау) өлеңінің авторы кім?

Демалышева Анар — осы өлеңнің авторы.

Жанартаудай жанымды өртейді өлең (Мұқағалиға арнау) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жанартаудай жанымды өртейді өлең (Мұқағалиға арнау) өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жанартаудай жанымды өртейді өлең (Мұқағалиға арнау) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар