Смағұлов Ғалел Ғабдоллаұлына арнау – AliyaBirjanqyzy

Бұл бетте «Смағұлов Ғалел Ғабдоллаұлына арнау» атты AliyaBirjanqyzy жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Әлі есімде отты көзің жанатын
Ұмтылатын,бар күшін де салатын.
Жаны жайсаң, жайдары ұстазым-ау
Кете барды жая салып қанатын.
Жарқын жүзді, ақкөңіл, биік тұлға
Сол бейнеңіз тұрады көз алдымда
Үлкенге де,кішіге де сыйлы болған
Сол асыл жан қазір жоқ арамызда
Бар өмірін шәкірттерге арнаған
Үйретуден жалықпаған,талмаған
Талай жанның жүрегіне жол тауып,
Мейірімді көздерімен қараған.
Кейде әзілкеш,кейде тіпті байыпты.
Өзіңіздей жандар бүгін азайыпты.
Білмейтін жасампаздық,жағынуды,
Ұстаздық құдіретін шынайы ұқты.
Бір бойына бар қасиет сыйыпты,
Ар-намыс пен ізгі ниет жиыпты.
Өзін емес,өзгені алаңдайтын,
Біздің ұстаз бар жақсыға лайықты.
Білемін,қазір жоқсыз арамызда,
Тау тұлға боп сақталасыз санамызда,
Ұмытпаймыз,ұлықтаймыз өзіңізді,
Қажырлы еңбегіңіздің арқасында.
Жылы жүзі сақталады жадымызда
Өзіңізсіз өтер қыс пен жазымыз да
Бізге берген тәлім мен тәрбиеңіз,
Сақталады өткеннің қақпасында.
Мектепке де өз үлесін қосатын,
Әр шәкіртті құштарлана тосатын
Өлеңіме арқау етіп,жырлаған
Ол құрметті Ғалел мұғалім болатын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Смағұлов Ғалел Ғабдоллаұлына арнау өлеңінің авторы кім?

AliyaBirjanqyzy — осы өлеңнің авторы.

Смағұлов Ғалел Ғабдоллаұлына арнау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Смағұлов Ғалел Ғабдоллаұлына арнау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде AliyaBirjanqyzy өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Смағұлов Ғалел Ғабдоллаұлына арнау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар