16 Желтоқсан
Ұраны бір азат елдің ұланы едім,
Отан үшін лаулап жанған ұран едім,
Жанын берер, барын берер елі үшін,
Қазақ деген байтақ елдің қыраны едім.
Орыс келіп басып алды жерімді,
Азаптады, басқарды байтақ елімді,
Төзбей оған азаттыққа күрестік,
Алу үшін тәуелсіздік елдікті.
Қазағымның жастарын азаптады қинады,
Көліктермен қуалап, бір аланға жинады,
Қырғын салды жастарға, аямады өлтірді,
Оны көріп көздерім, қазағымды қимады.
Қазағымның қыздарын, арын таптап қорлады,
Суық күнде тоңдырып, азаптады зорлады,
Қасірет қылды орыстар, аямады, қинады,
Тағы қазақ қиналды, тағы қазақ оңбады.
Көріп оны шықтық бізде алаңға,
Аландағы қарттарымнан қалам ба,
Радионың ішіндегі өтірік,
Ашылды шын аланға барғанда.
Ұстап алып темір торға қамады,
Жала жауып, жастарымды қанады,
Бостандықта қылмыскерлер жүргенде,
Темір торда қазағым өліп барады.
Қуалады суық күнде иттерімен,
Аш қасқырды көрдім мен иттерінен,
Өз қазағын тірідей итке талатып,
Қанішер болып барады шеттерінен.
Тәнімді ұстай алғанмен,
Жанымды ұстай алмайды,
Тәнімді соттай алғанмен,
Жанымды соттай алмайды.
Қорлағанмен тәнімді,
Жанымды қорлай алмайды,
Өлтіргенмен тәнімді,
Өлтіре алмайт жанымды.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі