Өлең, жыр, ақындар

Өзіңе жол

Өмір - сынақ, өмір - шуақ білгенге,
Басар мұңдар, кейде болар нұр кеуде.
Таусылмайды тағылымы тағдырдың,
Берері мол оны біліп, ілгенге.
Болар ашық, кейде жабық жолдарың,
Менде сендей белгісіз бір жолдамын.
Қорықпа тек, алға қарай қадам бас,
Айтар менің осы үлкен қолдауым.
Өз өмірің, өзің үшін керек бұл!
Ақылыңды өміріңе керек қыл!
Бұл өмірде маңызды әр бөлшегі
Минут, күндер, айлар тіпті керек жыл!
Болашақты ойла, ашық арманда!
Еңбек, ақыл жетелейді арманға.
Өзімшілдік емес мынау айтқаным,
Адамдықта керек барлық адамға.
Адал, шыншыл бола біл бұл өмірде,
Мейірімділік жойылмасын көңілде.
Жақсылық пен жамандығы қатарлас,
Күресе біл, күшіңді сал өмірге.
Тек сәттілік саған ғана айтарым,
Менен сұра бар болса егер айтарың.
Бұл дүниеде ұмытпа сен мынаны,
Жақсылықта, жамандықта қайтарын!
Өзіңе жол, өзіңе мен сенемін!
Менде сендей осы жолда келемін.
Мен сенемін болашаққа күмәнсіз,
Жарқын өмір, жайлы көңіл келерін!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз