Өлең, жыр, ақындар

Менде де — сол, бір-ақ Сана, бір-ақ Ар

  • 05.04.2023
  • 1
  • 0
  • 945
Менде де — сол, бір-ақ Сана, бір-ақ Ар.
Мінезім бар — алқоңыр.
Өлеңнен тыс тіршілігім — күнәһар.
Мінәжатханам — тоғызыншы қабаттағы балконым.

Сол балконда шылымымның түтініне ашуым өлер асылып.
Терезелерінен жалт-жұлт көрінеді есер ғасырым.
Тұман енеді есінеп.
Көгершіндер, ғашығым…

Сол балконымда ересен,
Өсіп тұрған жұпары көкшіл усойқым…
Түгі құлпырған түнгі көбелегім…

Бәрі — әсем.
Ал, Күн құлақтанғанда,
Мұңлы әлемді үшкіріп,
Жынды Ойларыммен кеңесем.

Негізінде, балконым мен жазу бөлмем — екі өмір.
Екеуінде де іздеп жүремін дәт емін.
Төменге ұшсам, — қабірге…
Жоғарыға ұшсам, Тәңіріге кетемін!

Қайта түсем, жарым шайға шақырса.
Не, пырақтай пысқырынған қымызын сапырса.
Мен балконда жұлдызды өлең оқимын,
Космостық Ақынша.

Түкпірінде оның Көкәләйімнің* ойыншықтары да бар тамаша.
Өзім кейде күліп те жүремін, О Дүниемен жанаса.
Қайғырам ба?
Әрине, қайғырамын,
Жаһандағы барша мәртебе балконымнан аласа.

*Айбүбі (Көкәләй) немерем



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Уға айналған көз майы

  • 0
  • 0

Шуыл құрап қалың ши, ызың құрап,
жолға шықтым іңірде қызылқұлақ.
Дауылдатқан дәл осы күн секілді.
өзімнің де келеді бұзылғым-ақ!

Толық

Жансусар

  • 0
  • 0

Қыбыр етпес аптапта сусар шілік.
Тау – ұйқышыл, ит – тыныш, жусан – сұлық.
Шаңырақтан тік түскен найза-сәске
сүйегіне сандықтың тұр шаншылып.

Толық

Жаза

  • 0
  • 0

Көбелектің қызықтап бұла шағын,
көтереді бәйшешек шынашағын.
Желге ілесіп, күнұзақ дала кезер,
желкілдетіп шудасын түйе-сағым.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар