Ағаға сыр – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Ағаға сыр» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.01.2016
  • 0
  • 0
  • 2538
Кезімде жүзіндей алмастың,
Мұқалмас шабылса тасқа да.
Мезгілсіз мен ерте солмаспын,
Жүрмеспін дырдумен босқа, аға.
Қынынан тым ерте суырылып,
Қайраққа тым ерте жанылған.
Отқа да тым ерте қурылып,
Ағалар, ағалар
Тым ерте танылған.
Жарасар думанды жыр жасқа,
Жалын бар кеудемде маздаған.
Ал маған бұл тағдыр бұл жаста,
Бір ерлік істеуді жазбаған...
***
Көкірегімде өрекпиді мол ағын,
Буырқанам, бір тасып, бір толамын.
Аппақ арман жеткізесің сен қашан,
Қашан Шоқан,
Қашан Саттар боламын.
Он сегізге биыл шығар жасым бар,
Аз өмірде тапқан досым, қасым бар.
Он сегізде жарқылдады-ау,
Мен кепіл,
Әлгі асылдар, жасыңдар.
Олар, олар ат үстінен түспеген,
Сұңқарлар ғой аузымен құс тістеген.
Ал меніңше, ұялмастан айтардай,
бір ісім жоқ істеген.
Көкірегімде өрекпиді мол ағын,
Мен осылай буырқанып, толамын.
Аппақ арман, жеткізесің сен қашан,
Қашан Шоқан,
Қашан Саттар боламын.
***
Әніміз сай, жыр да сай,
Бірге ер жеттік құрдас-ай!
Көктемнің көркем бағында,
Берейікші бір жасай.
Бұл шақта неткен қан қызба,
Өрекпіп жүрек сан қызға.
Сұлулық пен ерлікке,
Соншама ғашық жанбыз ба?
Бойыма сезім тарап бір,
Сыпырдым бәрін жарақтың.
/Ғашықтың буы бар жерде,
Жүруі жөнсіз шараптың/.
Жігіттік неткен дерт еді,
Құмарлық сырын шертеді.
Жан досым, амал қылмасаң,
Он сегіз мені өртеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ағаға сыр өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Ағаға сыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ағаға сыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ағаға сыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері