Серт – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Серт» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3028
Қылыш бол алмас жүздi, асыл жiгiт,
Түсiрер қас жауының басын жұлып.
Бiздерге жасық болу жараспайды,
Исатай,
Досан жерiн басып жүрiп.
Жалын бол лапылдаған, асыл жiгiт,
Өнерiңмен Қаратау тасын жiбiт.
Күй болып күмбiрлемеу жараспайды,
Құрманғазы,
Есiр жерiн басып жүрiп.
Өмiрдiң өр шыңына ғашық жiгiт,
Буырқанған теңiздей тасып жүрiп.
Отты жыр жазбау әсте жараспайды,
Махамбет,
Абыл жерiн басып жүрiп.
Бабалардың үнiнде өктем дыбыс,
Бостандықты аңсаған неткен тыныс.
Асылдарды алға алып бара алмасақ,
Масылдарды көбейтпей онда өмiрден,
Ертерек кеткен дұрыс!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Серт өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Серт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Серт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Серт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері