Күз бен Сіз – Ержан Қабышұлы Қабанбай

Бұл бетте «Күз бен Сіз» атты Ержан Қабышұлы Қабанбай жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Күз бен Сіз

Сенбесең - сенбе, өзің біл!
Сағына күткен күзім бұл.
Өзіңді қайдам, өзіме
Сыйлайды ғажап сезім бір.

Тербетіп тұнық сананы,
Шараптай бойға тарады.
Байқашы, байқа қарағым!
Шабытым тасып барады.

Бармасаң барма, өкпем жоқ!
Жүре бер, - Жаз,- деп, - Көктем, - деп.
Сары-ала күздің ұнаттым
Бұйра бұлттарын көкпеңбек.

Көктемді жақсы көрсең де,
Жайнаған жаздай жыр сенде.
Жаныма жақын мына күз,
Жалғыздан - жалғыз жүрсем де.

Ержан Қабышұлы Қабанбай


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күз бен Сіз өлеңінің авторы кім?

Ержан Қабышұлы Қабанбай — осы өлеңнің авторы.

Күз бен Сіз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күз бен Сіз өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Күз бен Сіз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар