Қар тұр жауып – Диас Диасик

Бұл бетте «Қар тұр жауып» атты Диас Диасик жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Астанаға қар көп бүгін жауып күшті
Несібемді Жасағаннан алып түсті
Ұлпалаған әппақ болып лайға ұласып
Білдіргендей болғансыды анық қысты

Мен дайынмын шешем берген бар етігім
Ауылымнан алдым күшін нар етінің
Мойын бұрып көкке қарай әр ұшқынды
Тосып тұрмын ,ұқпасамда қажетінің

Астананың әппақ қысы жайлы маған
Бес ай бойы әппақтығы айнымаған
Бой түзеген ғимаратты ақ кигізіп
Төбесіне қойып қойған айды ғалам

Көп адамдар әппақ қарды жатсынады
Балағаттап тоңғансынып басқа ұрады
Иығыма қонып қарлар еріп кетті
Ұқтырғандай бітпегенін жастық әлі


Таңғы алты бас қалаға қар тұр жауып
Мәшін біткен от алмай тұр тар-тұрланып
Бұл Қыс маған осы кезден қатты ұнады
Ашқансыды білмей жүрген бар сырды анық


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қар тұр жауып өлеңінің авторы кім?

Диас Диасик — осы өлеңнің авторы.

Қар тұр жауып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қар тұр жауып өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қар тұр жауып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар