Шұбар ала қазағым – Абайбек Сырым

Бұл бетте «Шұбар ала қазағым» атты Абайбек Сырым жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Елім үшін істеген тірлігіме,
Біреуге жоқ біреу айтар ерлігіме.
Қолдаушы көп ішінде бір жақыным жоқ,
Қайтем енді бұл заманның кемдігіме.

Алаңға айқайлап барғаным да,
Қарамадым анамның көз жасына.
Болма атаңның баласы бол халықтың,
Деп тәрбиелеп өсірген жас шағымда.

Әр бала артқа қайтса анам бар деп,
Әр ана отырса егер балам қайт деп.
Болашағы үшін елдің кім шығады,
Әр күресте құрбандық болу керек.

Ел басында әділетсіз билік мына,
Салып жатыр сан түрлі қулығына.
Шындық үшін шырылдаған батырлар көп.
Жалғыз түсіп жатыр жаудың құрығына.

Өз ішінде бөлінген халық мына,
Қолдауы жоқ атойлаған батырына.
Мәңгүрт сана көбейіп кеткен екен,
Жағымпаздық айналған дағдысына.

Қанша батыр болса да,
Жалғызды жауға қоймаған,
Қанша шешен болса да.
Малсызды дауға қоймаған.
Қазағымдер азаматтар азайыпты,
Ел ертеңін ертеректен ойлаған.

Ойлап едім қазағым оянды деп,
Ел аңсаған шындығына жете бе деп.
Тілдері шұбар ала болғаннан ба,
Қырылдығой бір бірін түсінбей кеп.

Осыменен сөзімді түйіндейін,
Қазақ үшін қалай мен күйнбейін.
Елім деген бізді қалай түсінсін,
Қазақтар бар қазақ тілін түсінбейтін.

Орныменен қолдан қазақ сабырыңды,
Құдай жақсы көрмейді жағынуды.
Үндемеген дұрыс бірақ шындық үшін,
Ғибадат қылды емеспе тартысуды.

(С) Қаңтар оқиғасына арнап шығарылған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шұбар ала қазағым өлеңінің авторы кім?

Абайбек Сырым — осы өлеңнің авторы.

Шұбар ала қазағым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шұбар ала қазағым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абайбек Сырым өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шұбар ала қазағым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар