Өлең, жыр, ақындар

Орындық

Біз жақта..
Үш аяқты орындыққа отыру мүлдем қауіпті емес,
егер ол әу бастан төрт аяқты түрде жасалмаған болса.
Жалғыз аяқты орындыққа әлі күнге дейін отыруға батылымыз жетпегені жайлы ешкім білмейді.
Ал бес аяқты орындық жасаудың қажеттілігі тумаған тіпті..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қираған үй

  • 0
  • 2

Қираған үй мен салынып бітпеген үйдің арасында айырмашылық жоқ дейтінбіз…
Қираған үйге үреймен, салынып жатқан үйлерге үмітпен қарайтынбыз бірақ…
Ал сонсоң,
Құдды өткеніміз бен болашағымызға қарағандай
қарап тұратынбыз екеуіне бірге…
үрейлі үмітпен..

Толық

Япурай (ескі бір орыс радиосына)

  • 0
  • 0

Ұсқынсыз әрі ақсақ болғаны үшін сүйілмегенін әңгімелеп отырған Темірдей шыншыл..,
және сыйланған түймедақтарға қуанып, өлуіне разылық
танытпаған жүрегіміздей сезімтал..,

Толық

Galat-ı Meşhur

  • 0
  • 0

...жұлынбай, аңдаусыз ұмытылған
арамшөптердей сезінер өзін-
қартайған сағыныш,
жүдеген сезім.

Толық