Япурай (ескі бір орыс радиосына) – Қарлығаш Қабай

Бұл бетте «Япурай (ескі бір орыс радиосына)» атты Қарлығаш Қабай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ұсқынсыз әрі ақсақ болғаны үшін сүйілмегенін әңгімелеп отырған Темірдей шыншыл..,
және сыйланған түймедақтарға қуанып, өлуіне разылық танытпаған жүрегіміздей сезімтал..,
немесе
өмір бойы
бізге тиесілі бақыттарды сатып, тиесілі емесін сатып алып жүргеніміздей қисынсыз,
ескі бір орыс радиосынан Япурайды тыңдап отыратын ол…

Қарқаралы басындағы аршада қалған жалғыздығымызды күткеніміздей тым көне..
үнемі бір аулаға үңілген терезелер сынды үнсіз..,
бізге өмірді үйреткен үміттеріміздей
және өлімді үйреткен жоғалтулардай тасжүрек,
ескі бір орыс радиосынан Япурайды тыңдап отыратын ол…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері