ОЛ – Қарлығаш Қабай

Бұл бетте «ОЛ» атты Қарлығаш Қабай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ол..
қайнап жатқан су сынды бақытты,
әсемделген букет сынды бейбіт,
бидай нанға, нан сенімге айналғанындай ғайып,
галстук секілді мәмлешіл
және..
түнгі бөлмемізге түнеп шыққан түстеріміздей қонақ болатын..

жапырақтар қағазға, қағаздар мұңға айналғанын көрген емес
Бірақ, ол..
жылдар бойы есік қоңырауына үңілген сайын
алыс алыс жолдарға қарап отырғандай күй кешетін ылғи.

Ол -
Үмітімен суарған шөлді,
Үмітін шөлге еккен,
Менің ғазиз Отаным!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері