Қар – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Қар» атты Ескен Елубаев жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Қардан жоқ деп жеңiл,
Жүрген сенiп көңiл.
Бiр күнi қар жауды,
Басып қалды бауды.
Жеңiл десем қарды,
Сындырды көп талды.
Бала асылса сынбай,
Дауылыңа қыңбай,
Тұрған талдар тiп-тiк,
Сынып түстi бырт-бырт.
Қарда жоқ деп қауқар,
Ендi кiмдер айтар?
Жеңiл болсын, тiптi
Бiрiксе – күш!
Мықты!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қар өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Қар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қар өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері