Джек салған үй – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Джек салған үй» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

(Ағылшын фольклорiнен)

Бұл – үй.
Оны Джек салған.
Ал бұл – бидай.
Оны əлгi Джек салған үйдiң
Қараңғы шоланында сақтайды.
Ал бұл – көңiлдi шымшық.
Ол – Джек салған үйдiң
Қараңғы шоланында сақтайтын
Əлгi бидайды ұрлап тыным таппайды.
Бұл – мысық.
Ол – Джек салған үйдiң
Қараңғы шоланында сақтайтын,
Бидайды ұрлап тыным таппайтын,
Əлгi Шымшықты үркiтiп, ұстайды.
Бұл – шолақ құйрық төбет.
Ол – Джек салған үйдiң
Қараңғы шоланында сақтайтын,
Бидайды ұрлап тыным таппайтын,
Шымшықты үркiтiп ұстайтын
Əлгi Мысықты жүндеп,жұлмалап қыстайды.
Ал бұл – тоқал сиыр.
Ол – Джек салған үйдiң
Қараңғы шоланында сақтайтын,
Бидайды ұрлап тыным таппайтын,
Шымшықты үркiтiп ұстайтын,
Мысықты жүндеп, жұлмалап қыстайтын
Əлгi Төбеттi тебедi.
Ал бұл – ақ шашты, тырысқақ кемпiр
Ол – Джек салған үйдiң
Қараңғы шоланында сақтайтын,
Бидайды ұрлап тыным таппайтын,
Шымшықты үркiтiп ұстайтын,
Мысықты жүндеп, жұлмалап қыстайтын
Төбеттi тебетiн
Əлгi Тоқал сиырды сауып келедi.
Ал бұл – ерiншек те етжеңдi бақташы.
Ол – Джек салған үйдiң
Қараңғы шоланында сақтайтын
Бидайды ұрлап тыным таппайтын,
Шымшықты үркiтiп ұстайтын,
Мысықты жүндеп, жұлмалап қыстайтын,
Төбеттi тебетiн,
Тоқал сиырды сауып келетiн,
Əлгi Тырысқақ кемпiрмен ұрсысып қалады.
Бұл – екi əтеш.
Олар – Джек салған үйдiң
Қараңғы шоланында сақтайтын
Бидайды ұрлап тыным таппайтын,
Шымшықты үркiтiп ұстайтын,
Мысықты жүндеп, жұлмалап қыстайтын,
Төбеттi тебетiн,
Тоқал сиырды сауып келетiн,
Тырысқақ кемпiрмен ұрсысып қалатын
Əлгi Бақташыны
Таңертең ұйқысынан оятып алады...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Джек салған үй өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Джек салған үй өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Джек салған үй өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Джек салған үй өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері