Кімді жақсы көресің? – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Кімді жақсы көресің?» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

– Əкеңдi, əлде апаңды,
Қайсысын жақсы көресiң?
– Қинама, қонақ, баланы,
Жас бала оған не десiн.
Қонақ айт, өзiң шыныңды,
Жауабын қалай бересiң?
Қызыңды ма, əлде, ұлыңды,
Қайсысын жақсы көресiң?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері