Теңестіру – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Теңестіру» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жойылса егер бұл өмірден бір қиянат күншілдік,
Қиянат пен күншілдікке айналар бір шыншылдық.
Теңестірген таразының қос табағы секілді,
Жамандық пен жақсылықтың өлшемі бір кесінді.
Әділеттің барлығына әркімдер де сенеді-ақ,
Шын көзінді жеткізуге бір қиянат керек-ақ.
Бұл өмірде ешбір нәрсе жаралмаған тақ болып,
Бір жер жатса шөл дала боп, бір жер жатыр бақ болып.
Ара екеш араның да у мен балы барабар,
Бір күн күлсең, бір күн қайғы жүрегіңді жаралар.
Көңіл екеш көңілде де, үміт, күдік аралас,
Күдік түрткі болмаса егер – үміт түкке жарамас.
Бүгін толып, ертең солсаң тіршіліктен безінбе,
Бүгін солып, ертең толсаң шел бітпесін көзіңе.
Ассаң дағы, тассаң дағы сақта адамдық арыңды,
Бұл қасиет нұрландырар сенің мәңгі таңыңды.
Бұлтты күні бұқпантайлап, шуақта ашсаң төсіңді,
Тірі болып жүрудің де қажеті жоқ секілді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Теңестіру өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Теңестіру өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Теңестіру өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Теңестіру өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері