Балапандарым менің – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Балапандарым менің» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Біріңе, балам, көзімнің оты дарыған,
Сұрқиялар мен сұмдардың жүзін қарыған.
Біріңе, балам, дарыған пейілім жарыған,
Пейілі кеңдер арыған емес, арыған.
Біріңе, балам, мінезім аумай ұқсаған,
Жауға да керек, дауға да керек сұсты адам.
Біріннің қабақ, біріннің қасың тартыпты,
Балапандарым менің ұшпаған.
Әп-сәтте-ақ ұшып, балапандарым, менің кетерсің,
Мен жетпес белге, мен жетпес жерге жетерсің.
«Қарызың, әке, біздерде бар ғой», – десеңдер,
Қарызын бұрын халқыңның туған өтерсің.
Қайғы да болар халқын сүйген жүректе,
Жүректе қайғы бола ма, ойсыз күнелтсе.
Қарақан басын күйіттеп жүрген сорлымен,
Сендерді тағдыр алжасып, егер бір етсе –
Күнімді менің түн еттің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балапандарым менің өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Балапандарым менің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балапандарым менің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Балапандарым менің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері