Асқар ақынға
- 0
- 0
Қызық қой, Асеке, бұл өмір білгенге,
Ләззәтін білмейсіз ішінде жүргенде.
Ұмытып кетеміз бейнетті күндерін
Көңіліміз жарқырап бір мезгіл күлгенде.
Бұл бетте «Аламанда көптен озған жүйрігімсің…» атты Бақытгүл Қалдарбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қызық қой, Асеке, бұл өмір білгенге,
Ләззәтін білмейсіз ішінде жүргенде.
Ұмытып кетеміз бейнетті күндерін
Көңіліміз жарқырап бір мезгіл күлгенде.
Жұттың сен қайғыны қанжылым - қаралы,
Қайғы да өзіңді қасқырша талады.
Қиянат тырнады жаныңды жаралы,
Қасірет көзіңнен күлкіңді тонады.
...Кезінде тоқтап, кезегінде ішіп,
Жігіттер біздің болса ғой пысық.
Ұрынып онда ойларға мұндай
Отырар ма едім күйіп бір пісіп.
Балам менің қайнап тұр самаурындай,
Мен отырмын қасында сал аурудай.
Ол ойлайды: молайған думан - тобын,
Мен ойлаймын: азайған санаулымды.
Ару
Супер кушты!!!!