Бұл өмір неткен ыстық, кермегі бал – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Бұл өмір неткен ыстық, кермегі бал» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Бұл өмір неткен ыстық, кермегі бал,
Әр жанның өз қуаныш, ермегі бар.
Қолында біреулердің билік, жарлық,
Қолыңда біреулердің шөлмегі бар.
Жасырып жүрегіне нала-мұңын,
Жесір де отын үрлер жанарының.
Қарттар да қайраттанып қалады екен,
Еске алып өтіп кеткен балалығын.
Көрмедім бұл жалғаннан суынғанды,
Балқытар балдай өмір буындарды.
Осындай құштарлықтан шығар бәлкім,
Адамның адам болып туылмағы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл өмір неткен ыстық, кермегі бал өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Бұл өмір неткен ыстық, кермегі бал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұл өмір неткен ыстық, кермегі бал өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бұл өмір неткен ыстық, кермегі бал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері