Мен көнсем де, ағайын, дегеніңе – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Мен көнсем де, ағайын, дегеніңе» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Мен көнсем де, ағайын, дегеніңе,
Өлең шіркін көнбейді, керегі не?
Ол шындықтың семсері екі жүзді,
Жалған айтсаң тастайды бөледі де.
Бұған мені айыпты санамағын,
Дәрменсізбін, таусылды бар амалым.
Өлең тілін алмастан өкіректеп,
Талай рет таяқ жеп жараландым.
Кеуделінің жүрсем де бірі болып,
Кейде ақынның көретін күні қорлық.
Иілмеген «құдайға» қайран басым,
Кетті өлеңнің мәңгілік құлы болып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен көнсем де, ағайын, дегеніңе өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Мен көнсем де, ағайын, дегеніңе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен көнсем де, ағайын, дегеніңе өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен көнсем де, ағайын, дегеніңе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері