Кім де болсаң, қуанам болғаныңа – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Кім де болсаң, қуанам болғаныңа» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Кім де болсаң, қуанам болғаныңа,
Болғаныңа, тұғырға қонғаныңа.
Адам түгіл, ағаштың жапырағы,
Табан асты жатпасын жолда мына.
Замандаспыз, арман бір алаңдатқан,
Кезікпеңдер кесірге табандатқан.
Бақыт түгіл, қайғыңды бөлісемін,
Маған қалай батпайды саған батқан.
Саған қалай батпайды маған батқан,
Ортақ бізге – туған жер бабам жатқан.
Адам күні адаммен, кім болсаң да,
Кім болсаң да аман бол жаманаттан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кім де болсаң, қуанам болғаныңа өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Кім де болсаң, қуанам болғаныңа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кім де болсаң, қуанам болғаныңа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кім де болсаң, қуанам болғаныңа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері