Өлең, жыр, ақындар

Көктем

  • 03.02.2016
  • 0
  • 1
  • 31093
Сансыз көкек сұңқылдап,
Көктем келді ертелеп,
Нәзік үнмен сыңқылдап,
Бұйра бұлақ еркелеп.
Асау өзен арқырап,
Асқар таудан дүркіреп,
Айдын жатыр жарқырап,
Алды дала бір түлеп.
Көкте бұлттар күркіреп,
Жерге төкті өрмегін.
Жауды жаңбыр сіркіреп,
Мейірленіп жерге күн.
Естіп аспан дауысын,
Асыққандай гүл шығып,
Андып бұлттар аңысын,
Колхозды ауыл құлшынып.
Алақанын тұр жайып
Жас ағашта жапырақ,
Балғын өмір ғажайып
Жас дауыспен жамырап.
Еңбек ата жүр елде
Егінжайда ту ұстап,
Қара бұйра кілемге
Алтын шашып уыстап.
Темір тепшіп ер терлеп,
Трактор сүйреп даланы,
Бүгінгіден ертеңге
Алып кетіп барады...
Көктем күйін бастады
Өз өнерін асыра.
Қысты қуып тастады
Асқар таудың басына.


Пікірлер (1)

Айдар

Өлең керемет! Қасым Аманжоловтың классикасы – көктемнің шынайы, күшті суреті!
Ерекше ұнағаны:

Көкек сұңқылдауы, бұлақ еркелеп, өзен арқырап – табиғат тірі тұр,
Жаңбыр сіркірегені, гүл асыққаны, колхоз ауылының құлшынысы – сол кездегі еңбек рухы өте әсерлі,
Соңғы шумақтағы «Қысты қуып тастады» деген жол – көктемнің жеңісі сияқты!

Мәңгілік көктем әні, табиғат пен еңбектің әдемі үйлесімі. Көпшілікке ұнайтын, жүрекке жететін туынды! ❤️

Пікір қалдырыңыз

Саша

  • 0
  • 0

Бейітінде баласының зарлағандай ана байғұс,
Мұңлы дала аспанында күрсінеді балшықшы құс.
Естіледі егіншінің әлдеқайда салған әні,
Ұзақ әуен жүрек тербеп, қиялыңа жалғанады.

Толық

Жайық

  • 1
  • 1

Жарқын жүзбен жайраңдап
Жатырсың ағып, Жайығым,
Жағаңда ойнап, сайраңдап
Ескенмін заман қайығын.

Толық

Өлмес өмір өлеңі

  • 0
  • 0

Өлмес өмір өлеңі
«Ез тірліктен ер өлім
Артық екен дер едім!» -
Қасым Аманжолов

Толық