Батыр бабам Жауғашарға – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Батыр бабам Жауғашарға» атты Жарылқасын Аманұлы жазған ерлік туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Бәйдібектің ұрпағы Жауғаш батыр,
Жау басына орнатқан заман ақыр.
Туған жердің торқалы топырағын,
Жамылғалы болыпты екі ғасыр.
Екі ғасыр өтсе де ұрпақтары,
Рухына келіп тұр тіл қатқалы.
Ұрпағыңның мекені, батыр бабам,
Алатау, Қаратаудың бір қапталы.
Қалмақтар жоқ баяғы қоқандаған,
Сол қалпында жазира жотаң далаң.
Орыстар да жерімнен кетіп жатыр –
Бұл кездері қазақты отарлаған.
Батыр бабам, рухыңа табынамын,
Ездік құрсын, ерлікті сағынамын.
Жау жағадан алғанда, бөрі етектен,
Бөрілерден қайткенде арыламын.
Жаз жайлау, қыс қыстауың қоныстаған,
Байлыққа тұнып тұрған кеніш далам.
Ұрпақтарың тәуелсіз ел болғалы,
Әзірше аман зілзала соғыстардан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Батыр бабам Жауғашарға өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Батыр бабам Жауғашарға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Батыр бабам Жауғашарға өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ерлік туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Батыр бабам Жауғашарға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері