Хан кене отырған қара тас басында – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Хан кене отырған қара тас басында» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Кеп тұрмын Қордайдағы Майтөбеге,
Майтөбе білгендерге жай төбе ме?
Түңліктей төбедегі қара тастың,
Сыры да мәлім емес байтақ елге.
Кейпінде кемсеңдеген жас баланың,
Қарауға қара тасқа жасқанамын.
Үш рет басымды иіп тәубе еттім,
Болмады өзге басқа еш амалым.
Хан Кене, кешіре гөр қазағыңды,
Сен шеккен білем қайғы азабыңды.
Қайтейін, алтыбақан алаауыздық,
Ұлдарын сендей ұлы жаза қылды.
Қараған кездерімде осы тасқа,
Жанарым толып кетті қанды жасқа.
Намысын елдің, ердің ойлаған бұл,
Япырмау, жан жоқ па еді сенен басқа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Хан кене отырған қара тас басында өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Хан кене отырған қара тас басында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Хан кене отырған қара тас басында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Хан кене отырған қара тас басында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері