Жалғыздық – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Жалғыздық» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жалғыздық жанға көп батты,
Жанарым жасқа малшынып.
Жабылып иттер көп қапты,
Жамбасқа түстім жаншылып.
Бұғана қатпай бүгіліп,
Төзбеске төзген екенмін.
Жығылып бірде сүрініп,
Тауқымет жүгін көтердім.
Ата-анам, жарым, он балам,
Сүйеніш етті сүлдемді.
Бір Алла шығар қорғаған,
Бекітсе бекем іргемді.
Садақ та болып керіліп,
Жебе де болып тартылдым.
Жүрегім, етім сөгіліп,
Ашамай ерге артылдым.
Ата-ана, жарым, баламның,
Жыламағанын тіледім.
Төркінсіз қалған анамның,
Түріне қарап жүдедім.
Түңілтіп кейде өмірден,
Үмітсіз үрей от шашты.
Қылыштай күлге көмілген,
Жүзімді қайғы тот басты.
Құла дүз болып қаңырап,
Құлазып талай көңілім.
Ақшам да болып жамырап,
Түнерді түндей өмірім.
Қуатым, күшім таусылып,
Иекті жарға тіредім.
Қара жерді де қаусырып,
Қан жоса болды білегім.
Сыймастан топас ортаға,
Шырқырай шыңға ұмтылдым.
Ақынды жеуге қорқа ма,
Құлдары қорқау құлқынның.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалғыздық өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Жалғыздық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалғыздық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалғыздық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері