Ел бар ма? – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Ел бар ма?» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ер бар ма қабырғасы сөгілмеген,
Халық жоқ «елім-ай» деп егілмеген.
Құдайдың қаһарына ұшыраса,
Қабысар қас қағымда көгің жермен.
Ақылды баққа, таққа мастанбайды,
Қас батыр қалың қолдан жасқанбайды.
Қайғысыз бұл жалғанда бір пенде жоқ,
Күнді де қара бұлт астарлайды.
Ойланғын таққа, баққа иелерім,
Қорғаның, қорғанышың – киелі елің.
Халқыңның кәдіріне жете алмасаң,
Бетіңді өз қолыңмен күйеледім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ел бар ма? өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Ел бар ма? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ел бар ма? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ел бар ма? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері