Жақсылығың болмайды – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Жақсылығың болмайды» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бар арманы, аңсары ауғандардың ақшаға,
Жақсылығы болар деп ойламағын басқаға.
Алла берген мейірімнен ада болған жандардың,
Жүрегі де, жаны да айналады тасқа да.
Жүрегің тас болған соң, тойымсыз аш та боласың,
Ел-жұртыңды жау көріп, бәріне қас боласың.
Топастықтың торында өтіп есіл өмірің,
Пасық ойлы жексұрын имансыз нас боларсың.
«Дүние» деп, дүние» қор боп өтсе өмірің,
Санатына адамның қосар дейсің сені кім?
Қоңыздардай боқтан-боқ домалатып діңкелеп,
Демің бітсе ит құрлы еленбейді өлімің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жақсылығың болмайды өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Жақсылығың болмайды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жақсылығың болмайды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жақсылығың болмайды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері