Спорт – Бодаухан Тоқанұлы

Бұл бетте «Спорт» атты Бодаухан Тоқанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Допты тепсең тебе қой,
Болма бірақ сөдегей,
Күллі әлемге әйгілі, 
Мбаппе бол, Пеле бол 
Боксте бол Головкин,
Басқалардан бөлек тым,
Жұдырығы жұмыр тас,
Сермегенде қолы екпін. 
Күндіз түні жатығып, 
Қарсылысты лақтырып,
Балуан бол атаңдай,
Үшкемпіров Жақсылық. 
Талабыңды ұштасаң,
Қарсыластан бұқпасаң,
Таэквондашы боласың,
Сен ағаңдай Мұстафа. 
Қай спортқа бейімсің,
Өзіңді-өзің парлай біл,
Жүрегіңмен беріл шын,
Шуақ шашар алдан нұр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Спорт өлеңінің авторы кім?

Бодаухан Тоқанұлы — осы өлеңнің авторы.

Спорт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Спорт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бодаухан Тоқанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Спорт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері