Қайнары тасбұлақтың суалмайды – Төлеген Құмарұлы

Бұл бетте «Қайнары тасбұлақтың суалмайды» атты Төлеген Құмарұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Басқа мал берекесіз құралмайды,
Бұранда шектен артық бұралмайды.
Қызыл шоқ жай қағазға оралмайды,
Дұние бір қалпында тұралмайды.

Мұратсыз мақсатына жете алмайды,
Мөралсіз тура жасап кете алмайды.
Тəртіпсіз ел сынынан өте алмайды,
Ұятсыз əдептілік ете алмайды.

Опасіз шағыстырмай жүре алмайді,
Ақылсыз ақ-қараны біле алмайды.
Ақымақ айтқаныңмен тіл алмайды,
Кінəлі бетке қарап күле алмайды.

Өнерді бойыңдаңы ұры алмайды,
Ақ-адал ішкен асың сұралмайды.
Жарықтан ойсыз кеуде нұр алмайды,
Арамға тойғанымен шыр алмайды.

Аңгүдік алаяқтан сыр алмайды,
Шын ғашық өлмей жүрек бұралмайды.
Жүрексіз талмау жерден ұралмайды,
Пейілі тар жақсыларды көралмайды.

Ынжық, ез белін бекем буа алмайды,
Сабаз, ер алтын тапса бу алмайды.
Жетесіз ата жолын қуа алмайды,
Қайнары тасбұлақтың суалмайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайнары тасбұлақтың суалмайды өлеңінің авторы кім?

Төлеген Құмарұлы — осы өлеңнің авторы.

Қайнары тасбұлақтың суалмайды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайнары тасбұлақтың суалмайды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Төлеген Құмарұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайнары тасбұлақтың суалмайды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері