Талаптан – Төлеген Құмарұлы

Бұл бетте «Талаптан» атты Төлеген Құмарұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Өтемін десең сараптан,
Оянып жастар талаптан.
Талап тумас салақтан,
Жұрдай болма мұраттан.
Əдеп, мұрал, ұяттан,
Қар жауғызбай қабақтан,
Аулақ болсаң арақтан.
Досыңды алмай тамақтан,
Жақсыны алмай балақтан,
Істеуге еңбек талаптан.
Еңбек білім таратқан,
Бар əлемді өзіне,
Өнер-білім қаратқан.
Білім жолы жіңішке,
Тырнаштап жыи тарақтан.
Дəн толады сабақтан,
Балық өсер шабақтан,
Қарын тояр қалақтан.
Ирадаңды мықтасаң,
Құйғандайын болаттан.
Нұр жауады талаптан,
Білім деген шырақтан.
Сусындауың керек қой,
Ғылым атты бұлақтан.
Білім алған адамға,
Бақытың нұрлы таңы атқан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Талаптан өлеңінің авторы кім?

Төлеген Құмарұлы — осы өлеңнің авторы.

Талаптан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Талаптан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Төлеген Құмарұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Талаптан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері