Ғашықтық – Калима Темір

Бұл бетте «Ғашықтық» атты Калима Темір жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Басқалар түсінер ме, өздері де..
Сол мезетте ынтық болдым көздеріңе,
Сен сезімнің отына жалын құштың
Ал мен болсам үн қатпадым сөздеріңе.

Түн ортасы, іздеймін бір өзіңді
Естісем шаттанамын бір сөзіңді.
Қара түнде, жұлдыздарға үңіле
Ай ғана баурап алды бір өзімді.

Көз ілінбей қанша күндер батып жатыр
Шуақсыз, сенсіз таңдар атып жатыр
Шын ғашықтар қосылмайды деседі,
Ұғынғанның жүрегі қатып жатыр.

Ғашықтың тілі тілсіз тіл емеспе?!
Ғашық көздер ең сұлу көз емеспе?!
Махаббат деген не өзі дейсіңбе?
Түсіну үшін керек тек сүю емеспе?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғашықтық өлеңінің авторы кім?

Калима Темір — осы өлеңнің авторы.

Ғашықтық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғашықтық өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ғашықтық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері