Абай десе қазағым мақтанады – Nazym Boltirik

Бұл бетте «Абай десе қазағым мақтанады» атты Nazym Boltirik жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Абай десе қазағым мақтанады

Абай десем тебіренер ұлы далам ,
Көңілімде әр кезде болар алаң.
Абайды құрметтейді ата-анам ,
Өлеңдерін сүйіп оқыр мен бір балаң.

Абайым өлең сөздің шебері екен ,
Ойларын тереңдіктен тереді екен.
Абай ата өлеңдердің жүйрігіде ,
Қара сөзден бал тамызған шебері екен.

Қыс болып өлеңдері өріледі ,
Көктемде асыл дән боп егіледі.
Өлеңдері жаз күнімен ән салады ,
Қоңыр күзде күй болып төгіледі.

Өлеңдері көңіл сырын ақтарады ,
Өлеңнің қуатымен бақ табады.
Қазақ десе Абайым шаттанады ,
Абай десе қазағым мақтанады.


Пікірлер (1)

Алма

Әдемі өлең

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Абай десе қазағым мақтанады өлеңінің авторы кім?

Nazym Boltirik — осы өлеңнің авторы.

Абай десе қазағым мақтанады өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Абай десе қазағым мақтанады өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Nazym Boltirik өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Абай десе қазағым мақтанады өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар