Мұқағалиға Арнау – ARUZHAN_ZHOLSHY

Бұл бетте «Мұқағалиға Арнау» атты ARUZHAN_ZHOLSHY жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жырыңызға көз ашқалы қанықпын,
Бір туар ақынысыз халықтың,
Қайта келіп ойсыздарды тербетші,
Қуыс кеуде ойсыздардан жалықтым.

Мұқағали- поэзия саңлағы,
Өлеңдері ән-жырдың шаңырағы.
Орындалса әндерің жаным жылып,
Нұрға оранған жүрегім жадырады.

Алай-дүлей сезімің аласұрды,
арнасынан тасытып бар асылды.
Алатаудай көретін жанашырды
ақиығым, жаралған дара сырлы.

Дара тұлға, ұлы шайыр ,бір өрен
Жырларына сыйып жатқан бар əлем.
Тарихымен тамырында ұлылық
Орнап тұрар Мұқағали-бір өлең.


Пікірлер (1)

Мирам малика

На кастинк

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар