Жұлдызды – жүзік, Айды алқа ғып берейін – Мағжан Жұмабаев

Бұл бетте «Жұлдызды – жүзік, Айды алқа ғып берейін» атты Мағжан Жұмабаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Келші, көзім, күн бетіңді көрейін,
Сүйші, сәулем, тұншығып мен өлейін.
Жет, жұлдызым, жылжып қана жібектей,
Жұлдызды – жүзік, Айды алқа ғып берейін.
Сөзің – сиқыр, есті тұман басқандай,
Ессіз жүрек дария болып тасқандай.
Күлкің, Күнім, күндей күміс табаққа
Мінсіз сұлу меруертті шашқандай.
Шашың – толқын, жүрегімнің жарына
соғылды да, батты улы зарына.
Айнам, саған арнап жырлар жазамын,
Қаламымды малып жүрек қанына.
Жырларыммен кестелейін орамал,
Бүлдіргендей бөбектайым, бетің бал.
Балға талай шыбын қонуға ұмтылар,
Ұмтылғанда орамалмен қағып қал.
Еркетайым, келсең егер қасыма,
Сәулелерден шоқ қадар ем басыңа.
Көз жасымнан меруерт тізіп берер ем,
Келші, күлмей көзден аққан жасыма.
Келші, көзім, Күн нұрына көмейін,
Сүйші – өлейін, «неге өлейін?» демейін.
Жет, жұлдызым, жылжып қана жібектей,
Жұлдызды – жүзік, Айды алқа ғып берейін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұлдызды – жүзік, Айды алқа ғып берейін өлеңінің авторы кім?

Мағжан Жұмабаев — осы өлеңнің авторы.

Жұлдызды – жүзік, Айды алқа ғып берейін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұлдызды – жүзік, Айды алқа ғып берейін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағжан Жұмабаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұлдызды – жүзік, Айды алқа ғып берейін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері